Қазақстанда коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмек жеткілікті

биртанов.jpg

Қазақстанда препараттарға қатысты ешқандай проблема жоқ. Бұл туралы бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі.  

Министр коронавирус инфекциясын алдын алу үшін қол мен бетті қайта-қайта жуып, сақтық шараларын қабылдау керектігін айтады. Сонымен қатар, қызуы көтеріліп тұрған адамдармен де байланыста болмауға тырысу керек екенін ескертті. 

– Коронавирус ушығып тұрған елдерге саяхаттауды қоя тұрған абзал. Қазіргі таңда ауру тараған елдердің бәрі де коронавирусқа қарсы вакцина әлі әзірленбегенін хабарлап жатыр. Сондықтан барлық елдегі емделу әдістерін бақыладық. Құпия ештеңе жоқ. Интернетте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының таратқан ақпаратын көрсеңіз болады: негізінен әртүрлі вирусқа қарсы тактика. Қабылдануы тиіс дәрі-дәрмектің ішінде ВИЧ-инфекциясына қарсы препараттар да бар. Олар Қазақстанда жеткілікті. Препараттар жағынан Қазақстанда ешқандай проблема жоқ, – деді Елжан Амантайұлы. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер