Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу құжаттары талаптарға сәйкестендірілді

2026 жылдың маусым айында Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Түркістан облысының білім басқармасына қарасты Жетісай ауданының білім бөлімінің «Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жариялаған мемлекеттік сатып алу рәсіміне камералдық бақылау жүргізді.

        Бақылау барысында мемлекеттік сатып алу құжаттарының техникалық ерекшелігі зерделеніп, онда сатып алынатын тауарға қатысты қолданылатын ұлттық немесе мемлекетаралық стандарттардың көрсетілмегені анықталды.

      Техникалық ерекшелікте мұндай стандарттардың көрсетілуі сатып алынатын тауарлардың сапасына қойылатын талаптарды нақты айқындап, өнімнің қолданыстағы техникалық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын арттырып, әлеуетті өнім берушілер үшін бірыңғай әрі түсінікті талаптардың қалыптасуына ықпал етеді.

       Анықталған бұзушылықтарға байланысты тапсырыс берушіге сатып алу құжаттарын қолданыстағы талаптарға сәйкестендіру туралы хабарлама жолданды.

      Нәтижесінде ұйымдастырушы тарап Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің хабарламасын толық көлемде орындап, техникалық ерекшелікке тиісті өзгерістер енгізді.      

      Осылайша, анықталған бұзушылықтар толықтай жойылып, мемлекеттік сатып алу рәсімі белгіленген талаптарға сәйкестендірілді.

       Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алу саласында заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге, сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ бюджет қаражатының ұтымды әрі заңды жұмсалуына ықпал ететін маңызды бақылау тетігі болып табылады.

 

Түркістан облысы облысы бойынша

        Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің

                                бас маманы  Б.Мақашов

 

По результатам камерального контроля документы государственной закупки приведены в соответствие с установленными требованиями

      В июне 2026 года Департаментом внутреннего государственного аудита по Туркестанской области был проведен камеральный контроль государственной закупки, объявленной коммунальным государственным учреждением «Школа-гимназия №6 имени Б. Момышулы» отдела образования Жетысайского района управления образования Туркестанской области.

      В ходе контроля была изучена техническая спецификация закупочной документации, в результате чего установлено отсутствие указания национальных либо межгосударственных стандартов, применяемых к приобретаемому товару.

      Указание таких стандартов в технической спецификации позволяет четко определить требования к качеству приобретаемого товара, обеспечить его соответствие действующим техническим требованиям, а также способствует повышению прозрачности процедур государственных закупок и формированию единых и понятных требований для потенциальных поставщиков.

      В связи с выявленными нарушениями заказчику было направлено уведомление о необходимости приведения закупочной документации в соответствие с действующими требованиями.

       По итогам рассмотрения уведомления организатор закупки в полном объеме исполнил требования Департамента внутреннего государственного аудита и внес соответствующие изменения в техническую спецификацию.

       Таким образом, выявленные нарушения были полностью устранены, а процедура государственной закупки приведена в соответствие с установленными требованиями.

        Камеральный контроль является важным механизмом обеспечения соблюдения требований законодательства в сфере государственных закупок, повышения прозрачности и эффективности закупочных процедур, а также способствует рациональному и законному использованию бюджетных средств.

 

 

                                                                                                              Б. Макашов

                                                                 Главный специалист, Департамент внутренного государственного аудита по Туркестанской области


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әйтеке би атындағы №26 жалпы орта мектеп» КММ мемлекеттік сатып алу құжаттамасы заң талаптарына сәй
  • «Балалар қолөнер мектебі» МКҚК мемлекеттік сатып алу құжаттамасы заң талаптарына сәйкестендірілді
  • «Оңтүстік жолдары» ШЖҚ МКК мемлекеттік сатып алу құжаттамасы заң талаптарына сәйкестендірілді
  • «Шардара аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ мемлекеттік сатып алу құжаттамасы заң
  • «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК мемлекеттік сатып алу құжаттамасы заң талаптарына сә
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер