Дәурен Абаев бейбіт митингілерді онлайн режимде өткізуді қалайды

абаев.jpg

Алматы қаласында өтіп жатқан қоғамдық кеңестің отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, шеру, пикеттер, демонстрациялық жиналыстарды өткізу мен ұйымдастыру тәртібі туралы» жаңа заң жобасының концепциясын көпшіліктің қатысуымен талқылауда. Осы жиында Алматының қоғам белсенділері Қазақстанда бейбіт митингілерді онлайн режимде өткізуді ұсынды. 

– Өздеріңіз білесіздер, бізде әлеуметтік желілер үлкен рөл атқарады. Сондықтан, осы заңда (ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы) әлеуметтік желілер тенденциясының жүзеге асқанын қалаймын. Мұнда онлайн-митингілер, онлайн-сауалнамалар өткізуге болады. Сөйтіп, кез келген адам онлайн-митингілер арқылы өз пікірлерін білдіре алады, – деді Болат Жұматаев. 

Мұны министрі қолдайтынын білдіріп, бұл ұсыныстың назарға алынатынын жеткізді. 

– Бұл керемет идея! Біз сіздің ұсынысыңызды мұқият зерттейміз. Мұнда шынымен логика бар. Мұны қарастыруға болады. Бірақ ғаламтордағы митингілер, сауалнамалар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында өткізіледі. Егер бәрі онлайн режимінде болса, онда неге болмасқа? – деді Дәурен Абаев. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Екпе аутизмді тудыра ма? Денсаулық сақтау министрі түсіндірді
  • Кәрім Мәсімовтәң зәулім үйі тәркіленді
  • Президент Әкімшілігі Алматы әкімі қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізеді
  • В городе Шымкент проведена информационно-разъяснительная работа в сфере религии
  • Тоқаев: Қытай халқы қазақ халқына ешқашан зиян келтірген жоқ, болашақта да зиян келтірмейді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер