Шымкентте тағы да кадрлық тағайындаулар болады

unnamed (1).jpg

Шымкент қаласында тағы да кадрлық тағайындаулар болады. Жуырда қала әкімінің орынбасары Бұхарбай Парманов Абай ауданының әкімі қызметіне ауысып, оның орнына Махсұт Исақов келді. Ал әкімнің тағы бір орынбасары Ербол Садыр бірінші орынбасарлыққа жоғарылап кетті. 

Бұхарбай Парманов бұған дейін де Абай ауданының әкімі қызметін атқарып, былтыр жазда қала әкімінің орынбасары болған еді. Сол кезде оның орнына Ғалымжан Төлепов тағайындалған. Ғалымжан Төлепов Бұхарбай Парманов үшін бөтен адам емес. Парманов бір кездері Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі болған. Ғалымжан Төлепов сол кезде  аталған аудан әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.      

Соңғы мәліметтерге қарағанда, Ғалымжан Төлепов жұмыссыз қалмайды. Экс-әкім жақын күндері Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалады. Ол басқарма басшысының орнына өткен конкурстардың бәрінен өтіп, енді тек тағайындау туралы бұйрықты күтіп отыр. 

 Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының креслосы әлі бір жылдан бері бос тұр.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте көпқабатты үйлер дезинфекцияланып, сақтық шаралар күшейтілді
  • Мұрат Әйтенов аудан әкімдері және басқарма басшыларымен қашықтықтан мәжіліс өткізді
  • 42500 теңге алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды
  • Қазақстанның 3 облысында тағы 20 адам коронавирус жұқтырды
  • Шымкент: Онлайн дәрістерді жергілікті телеарналар да көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер