Бір жарым айда 100 мың отбасы жәрдемақы алды

ш-4.jpg

Жыл басынан бері Түркістан облысында 100 мыңнан астам көп балалы отбасыға табысына қарамай мемлекттік жәрдемақы берілді. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ел алдындағы есебінде айтты деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпараттық агенттігінің тілшісі.

– Биыл әлеуметтік қолдауда елеулі өзгерістер орын алды. Көп балалы отбасылардың мәртебесін арттыру мақсатында олар жеке санатқа шығарылды. Яғни, 2020 жылы отбасының табысына қарамастан 4 және одан да көп балалы отбасыларға бала санына қарай 43 мыңнан 73 мың теңге аралығында мемлекеттік жәрдемақы тағайындау басталды. Қазірдің өзінде 100 мыңнан астам отбасы осы жәрдемақыны алды, – деді әкім.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер