Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Кеңес әскерлерінің Ауған даласында он жыл бойы тұрақтауы, әскери борышын өтеуге барған талай боздақтың тағдырын қыршынынан қиып кетті. Олардың еткен ерен еңбегі тарихтың тамырлы тұстарынан өшпей, мәңгілік есте қалары сөзсіз. Тіпті, оларға көрсетілер құрмет  те тым ерек. 

қазақстан.jpg

Бүгін, ПетроҚазақстан компаниясының ұйымдастыруымен Ауған соғысы ардагерлеріне арнап құрмет көрсетілді. Олардың батырлығы мен қайтпастығы сөз етіліп, алғыс білдірілді. ПетроҚазақстан компаниясының атынан арнайы сый-сыяпаттар жасалып, айрықша құрмет көрсетілді.

"ПетроҚазақстан Ауғанстан жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылған күніне орай  жыл сайын ардагерлер мен жауынгерлерді құттықтау шарасы өткізіліп отырады. Біздің кәсіпорында Ауған соғысына қатысқан 13 ардагер жауынгер жұмыс істейді. Мекемеде жұмыс істейтін ардагер , жауынгерлерге ұжымдық шартқа сәйкес, Ауғанстан әскери контингентінің шығарылған күніне орай ақшалай сыйақы мен демалыс беріледі. Сондай-ақ, ардагер жауынгерлерге зауыт есебінен шипажайларға тегін жолдамалар беріледі", - деді Мемлекеттік органдар мен қоғаммен байланыс қызметінің басшысы Сұлтан Абдіқадыр.

петро.jpg

Жиын соңында Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақтыбек Қалдыгөзов ПетроҚазақстан компаниясының ұжымына алғысын білдіре отырып, ардагерлер мен жауынгерлерді атаулы күнмен құттықтады. 

"Бүгінгі жиналып жатқан себебіміз Кеңес Одағы әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толып отыр. Жыл сайын 15 ақпанда арасын суытпай өткізіліп отыратын жиын биыл да ерекше аталып өтіп жатыр. Сондықтан да, ПетроҚазақстан ұжымына ерекше алғысымды білдіремін!", - деді Бақтыбек Әбдіманапұлы. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Екпе аутизмді тудыра ма? Денсаулық сақтау министрі түсіндірді
  • Кәрім Мәсімовтәң зәулім үйі тәркіленді
  • Президент Әкімшілігі Алматы әкімі қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізеді
  • В городе Шымкент проведена информационно-разъяснительная работа в сфере религии
  • Тоқаев: Қытай халқы қазақ халқына ешқашан зиян келтірген жоқ, болашақта да зиян келтірмейді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер