ШҚО-да ЖРВИ-мен ауыратындар көбейді

Шығыс Қазақстан облысында ЖРВИ-мен ауыратындар саны артып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасаған RGMEDIA.KZ.

Шығыс Қазақстанда ЖРВИ-мен ауыратындар саны артқан

2020 жылдың қаңтар айында өңір бойынша жедел респираторлық-вирус инфекциясына шалдыққандар біршама көбейген. Бұл жайлы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Владимир Ли мәлімдеді. 

«Облыста қаңтардың екінші онкүндігіндегі жағдай бойынша ЖРВИ-мен ауыратындар саны – 7 106 адам. Оның ішінде Өскемен қаласында – 1 433 факті тіркелді. Бұл көрсеткіш былтырғы кезеңмен салыстырғанда 23 пайызға көп», - дейді Владимир Ли. 

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласындағы 5 мектепте ЖРВИ-дің өршуіне байланысты карантин жарияланғандығы хабарланған болатын.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • МВД о размещении Государственного флага на транспортных средствах
  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер