Түркістан облысында өткен жылы 238 қоғамдық көлік жаңартылған

Түркістан облысында өткен жылы 238 қоғамдық көлік жаңартылған. Оның алпыс алтысы –  2018-2019 жылдары шыққан жаңа автобустар.

Картинки по запросу "қоғамдық көліктер""

"Сондай-ақ, өткен жылы облыс орталығы – Түркістан қаласында 26 жаңа автобус сатып алынды. Ал, жалпы алғанда облысымызда жолаушылар тасымалдаушы 44 мекеме мен 1300 көлік қызмет көрсетеді", - деп жазылған облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бұдан бөлек, әлеуметтік маңызы бар бағыттарды субсидиялау жұмыстары да ойдағыдай жүзеге асуда. Айталық,  2019 жылы 7 аудан әкімдігі тарапынан (Сарыағаш, Түлкібас, Отырар, Кентау, Төлеби, Қазығұрт, Шардара) 17 әлеуметтік маңызды бағыттарға 55,2 миллион теңге  субсидия  бөлінген.

Сонымен қатар, облыста 83 әлеуметтік маңызды бағыттар анықталып, облыстық мәслихатпен айқындалып отыр. Осы жұмыстардың нәтижесінде 2019 жылы ауданаралық, облысаралық бағыттарға 3 конкурс өткізіліп, 8 тасымалдаушымен 18 бағытқа келісімшарттар түзілген. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте студенттер экологиялық бастамаларды талқылады
  • ШЫМКЕНТ: АКИМАТ И МЕДОРГАНИЗАЦИИ ЗАКЛЮЧИЛИ МЕМОРАНДУМЫ ПО СДЕРЖИВАНИЮ ЦЕН
  • Бейнеттің зейнеті. Мақтаарал ауданының экс-әкіміне «Құрмет» ордені тапсырылды
  • ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ НАЧАЛОСЬ СТРОИТЕЛЬСТВО КРУПНОГО ТЕПЛИЧНОГО КОМПЛЕКСА
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер