Қазақстандық режиссер экология амбассадоры атанды

7f18f3add5e8c3ce6e3d3785dd7db65c.jpg

Танымал қазақстандық режиссер, продюсер Нұртас Адамбаев экология бойынша ізгі ниет елшісі атанды. Бұл туралы бүгін елордада өткен алғашқы республикалық эко-слет кезінде белгілі болды. Режиссерға тиісті сертификатты Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев табыс етті.

Мен ертең қай планета, қай елде өмір сүретінімізді, балаларымызға қандай ғаламшарды қалдыратынымызды білетін адамдардың арасында болуды шынымен қалаймын. Адам табиғаттан тыс жерде өмір сүре алмайтынын еске салғым келеді. Адам өзін осы жердің қожайыны ретінде елестетіп, қателеседі. Біз барлығымыз жер бетінде қонақтар екенімізді ұмытпауымыз керек. Бізге мұра болып қалған дүниеге аса мұқият болуымыз керек, - дейді жиында сөз сөйлеген Нұртас Адамбаев. 

Сонымен қатар, ол елде экологиялық мәселелерге жауапты мамандандырылған орган құрылғанына қуанышты екенін жеткізді.   

Айта кетейік, Экология жөніндегі ізгі ниет елшісі –  табиғатты қорғауға бағытталған экологиялық акциялар мен бастамаларға қатысуды білдіретін қоғамдық жұмыс. Ол қоршаған ортаны қорғау мәселесінде белсенді азаматтық позицияны көрсетеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер