Стамбулда қазақ тілі курсы ашылды

200203125811219e.jpg

Өткен жылдың 21 мамырында KATEAD қауымдастығы мен «Отандастар» қоры арасында қол қойылған хаттама негізінде Түркияның Стамбул қаласында қазақ тілін оқытатын курс ашылды. Аталмыш курс тегін әрі онлайн режимде жүргізіледі. 

«Курсқа қажетті жабдықтар өткен жылдың 10 желтоқсанында Қазақстаннан жөнелтілді. Қазақ тілі курсы Стамбулдың екі аймағында ұйымдастырылады: біріншісі Зейтинбурн ауданында, ал екіншісі Бағджылар ауданында. Бұл екі жер Түркия қазақтарының көп қоныстануына байланысты таңдалды. Бағджылар ауданында курс қазақтар негізін қалаған Қожа Ахмет Ясауи білім және аймақтық қорының ғимаратында өтеді. Бұл үшін KATEAD қауымдастығы мен Қожа Ахмет Ясауи қоры арасында 3 жыл мерзімге арналған хаттамаға қол қойылып, Қазақстаннан жеткізілген дәрістерге арналған жабдықтар сол жерге де апарылды», - дейді KATEAD төрағасы Ертолқын Гайретуллах.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Павлодар облысында мас күйінде көлік жүргізген шенеунік жұмыстан шығарылады
  • Головкин Өзбекстан президентімен кездескенін сүйіншілете хабарлады (фото)
  • Елде жуғыш заттар өндірісі артты
  • Ғасырдан асқан Түркістан вокзалына ғылыми реставрация жасалады
  • Қазақстанда 504 елді мекен спутниктік интернетке қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер