Шетелдік жұмыс күшін тартуға 2145 бірлік квота бөлінген

Өткен жылы Шымкент қаласы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2145 бірлік квота бөлінген. Бөлінген квота негізінде 36 кәсіпорын мен ұйымдар 504 шетел азаматына және 12495 қазақстандық азаматтарға жұмыс жасауға рұқсат берген. Тартылып жатқан шетел жұмыс күшінің білікті мамандарының үлесі 95,2%-ды құрайды.

b155933a-cfaa-44db-9137-e0e26788313f.jpg

Бұл туралы «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов айтты.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша 10 мекеменің 1293 жұмыскері алдындағы 192,8 млн. теңге жалақы қарызы анықталған. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 3 мекеме жұмысшыларының жалақы қарызы толық өтелген. Жалпы 179,0 млн. теңге жалақы қарызын өтеу нәтижесінде 1220 жұмыскерлердің еңбек құқықтары қорғалған.

- «Еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша 1405 өндірістік кеңес құрылды. Қала аумағында еңбек қауіпсіздігін сақтау бойынша 608 тексеру жүргізілді. Атап айтқанда, өндірістік кеңестің бастамасымен - 172, жұмыскерлердің бастамасымен-134 тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 538 еңбек заңдылықтарын бұзушылық анықталып, ол ескертпелер толығымен түзетілді», - деді Берік Айдарбекұлы қалалық ақпараттық коммуникациялық орталығында өткізген брифингінде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Самұрық-Қазына басшысы 650 қызметкердің қысқартылатынын айтты
  • Қытайлық компаниялар Қазақстанның бірнеше қаласында қонақүйлер мен ойын-сауық кешенін салмақ
  • 90 мыңға жуық адам әлеуметтік желіде Жалпыұлттық коалиция бастамасын қолдады
  • Қырғызстан билігі Тергеу комитетін құруды жоспарлап отыр
  • Заманауи өндіріс орындары салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер