Мемлекеттің 6,5 миллиардын жымқырған қылмыстық топ құрықталды

8a705306-dc85-4327-8c5e-c3616a3483a0.jpg

Шымкентте жалпы сомасы 6,5 млрд. теңгеге салық төлеуден жалтару мақсатында 31 «бір күндік фирмалар» арқылы жалған шот-фактураларды жүзеге асырумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Бұл туралы бүгін қала прокурорының бірінші орынбасары Манас Сабаншиев айтты деп хабарлайды rgmedia.kz ақпараттық порталының тілшісі.

– Өткен жылдың он екі айында 231 тексеру мен талдау нәтижесінде 36 мың 854 тұлғаның конституциялық құқықтары қорғалды. Сондай-ақ, жалпы сомасы 6,5 млрд. теңгеге салық төлеуден жалтару мақсатында 31 «бір күндік фирмалар» арқылы жалған шот-фактураларды жүзеге асырумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Нәтижесінде прокуратураның бастамасы негізінде басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру істері бойынша мемлекетке 88 млн. теңге шығынды өндіру қамтамасыз етілді. 231 тексеру және талдау нәтижесінде мемлекетке 585 миллион. теңге өндірілді, – деді Манас Мәжітұлы қалалық ақпараттық коммуникациялық орталығында берген брифингінде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • О трансформации Конституции Республики Казахстан в условиях современных реформ
  • «Президенттік республика» − Конституцияда еліміздің басқару нысаны нақтыланды
  • Елде 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіріледі
  • 2040 жылға қарай ғылым қайда барады?
  • Павлодар облысында мас күйінде көлік жүргізген шенеунік жұмыстан шығарылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер