Ғалымжан Абишев жаңа қызметке тағайындалды

Screenshot_6.jpg

Ғалымжан Мотайұлы Абишев Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысының бұйрығымен 2019 жылдың 11 қарашасынан бастап Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшы орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ғалымжан Мотайұлы 1969 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтын 1995 жылы бітіріп, одан кейін де Алматы экономикалық университетінде, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде білім алған.  Бір емес, бірнеше жоғары білімінің арқасында қызмет атқарған орындарында әрқашан өзін тек жоғарыдан көрсете білген білікті маман. Еңбек жолын Түркістан аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясында дәрігер-эпидемиолог қызметінен бастап, эпидемиологиялық бөлім меңгерушісіне көтеріледі. Бұдан бөлек, Оңтүстік Қазақстан облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде эпидемиология жөнінде бас дәрігердің орынбасары болып қызмет атқарған. Басқа да мемлекеттік мекемелерде қызмет атқарған. Оның ішінде белгілі  Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау  департаменті де бар, осы күнге дейін еңбек жолының басым бөлігінде негізінен Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасында басшы орынбасары қызметін атқарған. 2018 жылдан Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының басшы орынбасары қызметін атқарып келсе, бүгінгі күнде Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшы орынбасары лауазымына тағайындалып отыр.

Қызмет жолынан байқағанымыздай, денсаулық сақтау саласына мол үлес қосып келе жатқан іскер азамат. Ендеше, Ғалымжан Мотайұлын жаңа лауазымымен құттықтай отырып, еңбегіне жеміс тілейміз!


Шымкент қаласы

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің

сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің

баспасөз қызметі


 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елге келген қандастардың неше пайызы еңбекке жарамсыз
  • Қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді
  • Мемлекет басшысы Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісін тағайындады
  • Ресей: Теракт болған күні Крокустан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланған
  • Президент терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер