Бірнеше елді мекенге ауыз су толығымен жеткізіледі

Screenshot_6.jpg

Шымкенттегі ауыз суы жоқ Ақжар, Айкөл елді мекендеріне су жүйелері тартылып пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ. 

Бұл туралы Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Ғалымжан Төлепов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде айтты. 

«Аудан аумағындағы 34 елді мекеннің 76.6% ауыз сумен толық қамтылған, 23,5% құдық және тасымалды ауыз суларын пайдаланады. Ауыз су жоқ Ақжар, Айкөл елді мекендеріне "СодбиСтрой" мекемесінің көмегімен ауыз су жүйелері тартылып, 2019-2020 жылдары халыққа толық пайдалануға тапсыру жоспарлануда», - деді Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Ғалымжан Төлепов брифинг барысында. 

Сондай-ақ, жиында аталған ауданның 2019 жылдың алғашқы 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша баяндама жасаған әкім Абай ауданы қысқы маусымға дайын екенін жеткізді. 

«Абай ауданындағы 453 көпқабатты тұрғын үйлердің 424 орталық жылу жүйесіне қосылған болса, 29 көпқабатты үй, атап айтқанда: Жаңаталап тұрғын алабында 5 үй, Қызылжар тұрғын алабында 16 үй және аудан орталығында 8 тұрғын үй жеке қазандыққа көшкен. Қазіргі таңда аудан аумағындағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға жылу толық берілген», - деді аудан әкімі Ғалымжан Төлепов.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Шағадағы» шатақ: Шөкеевтің өз шындығы бар
  • Вице-министр: Дәрігер қателікті әдейі жасамаса жазалауға болмайды
  • Министр: Оңтүстік өңірлерде су тапшылығы болуы мүмкін
  • Әр 11-ші қыз бейтаныс адаммен кездесуге барған
  • Танымал журналист Диас Ахметшәріп комаға түсті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер