Шымкент қаласының 2200 жылдық мерейтойын «ЮНЕСКО» көлемінде атап өту ұсынылды

Screenshot_4.jpg

Шымкент қаласының 2200 жылдық мерейтойы «ЮНЕСКО» көлемінде тойланғалы жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ. 

Атап айтсақ, келер 2020 жылы Шымкент қаласына 2200 жыл болады. Осыған орай ЮНЕСКО-ға тиісті ұсыныстардың жолданғандығы жөнінде бүгінгі Шымкент қаласы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингі барысында Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалия Шарафиева мәлімдеді. Дегенмен, ресми түрде қабылданған шешім алдағы уақытта жарияланады. Сондай-ақ, аталған жиын барысында Шымкенттегі туризм саласы жайында сөз қозғаған Ғалия Шарафиева Шымкент зоологиялық саябағына келушілер саны 400 мыңға жуықтағанын айтты. Оның сөзіне сүйенсек, бұл 2019 жылдың алғашқы 10 айындағы көрсеткіш. 

- Қазір Шымкент зоологиялық саябағында 265 түрлі 2516 жануар бар. Зообақ аумағында террариум, көгершіндер вольері, варандар мен тасбақалар вольері, сурикаттар вольері, құстар вольері, жыртқыш құстар вольері, жапон макакалар вольері, гепард вольерінің құрылыстары жүргізіліп жатыр.

2020 жылы Шымкент қаласы ТМД елдерінің мәдени астанасы болып белгіленді. Жыл көлемінде атқарылатын ауқымды 15 халықаралық, республикалық дәрежедегі іс-шаралардың бағдарламасы дайындалды. ЮНЕСКО-ның атаулы мерейтойлар күнтізбесіне «2020 жылы Шымкент қаласының 2200 - жылдық мерейтойын енгізу туралы» ұсыныс жолданды. Қабылданған шешім қараша айында жарияланатын болады. Шымкент мәдени астана жылы ТМД елдері мен ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін болады.

Беларус Республикасының Брест қаласында 9 желтоқсанда өтетін "Мәдени астана" жылының салтанатты жабылу рәсімінде Шымкент қаласы Эстафетаны ресми түрде қабылдап алады, - дейді Ғ. Шарафиева.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елге келген қандастардың неше пайызы еңбекке жарамсыз
  • Қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді
  • Мемлекет басшысы Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісін тағайындады
  • Ресей: Теракт болған күні Крокустан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланған
  • Президент терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер