Түркістан: 1 айдың ішінде 3 ауылдық округте «Open space» үлгісіндегі кеңселер ашылды

Screenshot_4.jpg

«Ашық Түркістан» Жобасы шеңберінде бір ай мерзімде Келес ауданына қарасты Ақтөбе, Бірлесу және Жүзімдік ауылдық округ әкім аппараттары «Open Space» форматында жұмыс істеуге көшті.

 «Open Space» - жаңа ашық кеңістік үлгісіндегі ауыл әкімінің қабылдау бөлмелері бірінші қабатта орналасқан және қабырғасы әйнектен жасалған. 

Бұл формат арқылы жергілікті тұрғындар әкіммен және қызметкерлерімен ашық түрде еркін байланыс орната алады.

Әкімдіктің орталыққа орын ауыстыруы ең алдымен жергілікті халық үшін ыңғайлы болмақ. Сондай-ақ, аталған ғимаратта «Nur Otan» партиясы филиалы мен ардагерлер кеңесі орналасатын болады. 

Осылайша Келес ауданының ауылдық округ әкімдіктері халыққа қолайлы, «Бір терезе» қағидасы форматында жұмыс жасайтын болады.

Ал, қазірге аудандағы 12 ауылдық округтің 3 әкімдік жаңа форматпен жұмыс істеуде, алдағы уақытта аудандағы барлық ауылдық округтердің әкімдері жаппай бірінші қабатқа түсіріліп, «Open Space» үлгісінде жұмыс істейтін болады.

Айта кетейік, ашықтық пен жариялылыққа ұмтылған әкімдіктің алдағы жоспарларының тағы бірі - халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын оңтайландыру.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Starlink Қазақстанмен ресми түрде келісімге қол қойды
  • Мәжіліс депутаты Астанада жұмыс күнін сағат 7-ден бастауды ұсынды
  • Қазақстанда жаңа Су кодексі күшіне енді
  • Егіс науқаны – 2025:жүйелі өзгерістер
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер