Түркістанда «Әкелер мектебі» құрылуы мүмкін

Screenshot_22.jpg

Түркістан облысының ардагерлері бас қосып,  Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауы талқыға салды. 

  Ардагерлер кеңесінің кеңейтілген төралқа мәжілісінде қариялар «Әкелер мектебін» құру туралы ұсыныстарын жеткізді. 

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша сөз алған тарих ғылымдарының кандидаты, ОҚМПУ-ң «Рухани жаңғыру орталығының» басшысы Қайрат Анарбаев Жолдау жайлы баяндама жасады. Онда Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауы Елбасы бастамаларының жалғасы екендігіне тоқталып, ерекшеліктерімен бөлісті.

Сондай-ақ, Сайрам аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлібек Байназар, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Кенжехан Төлебаев, еңбек ардагерлері Әбдішүкір Сапарбеков пен Мәлік Мұратбекұлы жарыссөзге шығып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Сөз соңында Жолдауды ел ішінде жан-жақты насихаттау мақсатында қаулы қабылданды.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов уақыт талабының қажеттілігіне қарай Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі жанынан «Әкелер мектебін» құратындығын хабарлай келіп, көпшілікке «Әкелер мектебінің» ережесі таныстырылып, мақсаты мен міндеті айтылды.

Ардагерлер бұл бастаманы қолдайтындығын жеткізіп, ойларын ортаға салды. «Әкелер мектебі» ашылса, отбасылық құндылықтар сақталып, алдағы уақытта жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға сеп болмақ.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елге келген қандастардың неше пайызы еңбекке жарамсыз
  • Қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді
  • Мемлекет басшысы Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісін тағайындады
  • Ресей: Теракт болған күні Крокустан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланған
  • Президент терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер