Биыл 50 тұрғын үй пайдалануға беріледі

Screenshot_21.jpg

Республикадағы ең жас облыстардың бірі Түркістанда халық көп шоғырланған. Осыған орай өңірде баспана мәселесі де оңынан шешіліп келеді. 

    Мамандардың ресми мәліметі бойынша Түркістан облысында ағымдағы жылға «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша 231 мың шаршы метрді құрайтын 3 413 пәтерлі 64 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде, биыл жыл соңына дейін 177,6 мың шаршы метрлік 2 613 пәтерлі 50 тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Бірінші кезекте мамандар халықтың аз қамтылған бөлігін баспанамен қамтамасыз етуді жылдамдатпақ. Ағымдағы жылы Түркістан облысы үшін тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспары 550,6 мың шаршы метр, ал құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 102% болып белгіленді.

Ағымдағы жылы қаңтар-шілде айының қорытындысымен Түркістан облысы бойынша барлығы 2950 пәтер тапсырылды, оның ішінде: 136 пәтер -қызметтік тұрғын үй, 840 пәтер - арендалық тұрғын үй РБ, 41 пәтер - арендалық тұрғын үй ЖБ,  1933 пәтер - жеке тұрғын үй құрылысы.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
  • В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек
  • Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасына 67 мыңға жуық адам қатысуға тіркелді
  • Мемлекет басшысы энергетика саласындағы ықпалдастықтың әлеуетіне жоғары баға берді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер