5 автобус қосылды

Screenshot_3.jpg

Күн санап түрленіп келе жатқан Түркістан қаласында халық саны да артып келеді. Аумағы кеңейген шаһарға енді қоғамдық көлікті көбейту қажеттігі туындауда. «Жолаушы» ЖШС бұл мәселені оңынан шешіп,  рухани, туристік қаланың маршрутын кеңейтуге кірісті. Мәселен жыл басында қоғамдық көліктер 16 автобуспен толыққан. Таяуда олардың қатарына тағы Қытай елінен әкелінген «Yutong» маркалы 5 автобус қосылды.

Автобустар облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сай жасыл түспен боялып, Түркістан қаласының логотипі белгіленген. Ұзындығы 8,5 метр. Сыйымдылығы 28 орындық, қосымша 30 адамды мінгізуге қауқарлы. Автобус ішінде жарнамалық экран мен желдеткіш қойылған. Сонымен бірге, қоғамдық көлік пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін әрбір аялдама арнайы жүйе арқылы хабарланып отыратын болады. Тіпті, алдағы жылдарда жол ақысын төлеуді цифрландыру ісі бір жүйеге келеді. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау үшін артқы есігіне пандус қоюды да қарастыруда. Жаңа автобустар екі-үш күннің ішінде №5, №7, №30, №31 бағыттарында жолаушыларды тасымалдайтын болады.

Мекеменің атқарушы директоры Медетбек Жұмагелдіұлының сөзінше, басшылық «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен» бір мәміледе жұмыс істеуде. Демек, жыл соңына дейін Қазақстанда жасалған «Сарыарқа АвтоПром» автозауыт базасынан су жаңа 36 автобус пайдалануға берілмек. Олар шаһарға кіретін 5 бөлікті қамтитын болады.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер