660 отбасы қоныс тойын тойлады

Screenshot_2.jpg

Түркістан облысының орталығы атанған Түркістан қаласында баспана мәселесі оңынан шешіліп келеді. Мәселен жақында ғана «Отырар» ықшам ауданында салынған көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған.  

Жаңа пәтердің кілттерін  облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өзі қоныс иелеріне салтанатты түрде табыс етті.  Енді мұнда  15 түркістандық отбасы көшіп келмек.  Бұл жолы пәтер иелері атанғандар – кезекте тұрған халықтың әлеуметтік аз қамтылған және тұрғын үйге мұқтаж санатына жататын азаматтар. Жаңа баспана иелеріне арнап бірден 5 қабатты 11 тұрғын үй берілді. бір бөлмелі 165 пәтер, екі бөлмелі 165 пәтер және 3 бөлмелі 330 пәтер игілігіне беріліп, 660 отбасы қоныс тойын тойлады. Қолданысқа берілген бұл көп қабатты тұрғын үйдің инфрақұрылымдары толықтай ретке келтірілген. Жарық тартылған, судан тапшылық жоқ. Жылу мәселесі де шешілген. Пәтерлер талапқа сай жасақталып, әдемі әрленген. Барлық пәтерлерге қажетті коммуникациялар түгелдей жасалаған. Кілт табыстау рәсімі мұнымен тоқтап қалмады, облыс әкімі жаңа пәтерге қоныстанған жанұяны құттықтай келе пәтер табалдырығын бірге аттап, өзінің жылы лебізін білдірді. Ал, баспаналы болған отбасы мүшелері көптен күткен үйге қол жеткізгендеріне алғыстарын білдіріп, қуанышты сәттерімен бөлісті. Іс-шараға жиналған көпшілік назарына концерттік бағдарлама ұсынылды. Жыл соңына дейін қала тұрғындарына 5 қабатты 9 тұрғын үй қолданысқа беріледі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа заң: ҚМДБ бетті толық жабуға қатысты мәлімдеме жасады
  • Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
  • Қазақстаннан Қытайға 1500 киікті беру процесі қалай іске асады
  • Елімізде барлық пойызға бейнекамера орнатылмақ
  • Ауылдардағы интернет сапасын жақсарту: Халықаралық қайта құру банкінен қаржы тартылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер