Туристерге көрсетілетін қызмет сапасы артуда

ТУРИЗМ ШИМКЕНТ.jpg

  Шымкент қаласы туризм саласының көшін ілгерілету мақсатында еліміздің басқа өлкелерінің сәтті тәжірибесін ескере отырып жұмыс жасауды қолға алуда. Осы орайда туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында ТОП-50 Туристендіру картасы нысандарының тізбесіне «Ескі қалашық» кешені енгізілген. Бұл жоба «Туризм саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасының негізінде жүзеге асырылған. Туристерге көрсетілетін көлік қызметтерінің жұмысын жақсарту негізінде 2GIS электрондық навигациялық жүйесіне енгізілетін «Сайрамның сакралды объектілері», «Жастарға арналған», «Фотоаймақтар» сынды жаңа дербес бағыттар әзірленген. 

  Үшінші мегаполиске келуші туристер саны жыл басынан бергі алты айдың ішінде 111 591 адамды құраған. Оның ішінде ішкі туризм бойынша келушілер саны 97 418 өткен жылмен салыстырғанда 31,5% артқан. Кіру туризмі бойынша келушілер саны 14 173, яғни, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 60,6% - ға жеткен.  

  Сервисті жақсарту мәселесі бойынша туризм саласында кәсіби кадрларды даярлау маңызды міндет болып табылады. Осы орайда, қоғам белсенділері, туризм мамандары мен туризм инструкторлары тарапынан Шымкент қаласында «Жас туристер станциясын» құру ұсынылып, жүзеге асырылуда. Азамат Мұратбекұлының айтуынша, аталған жоба мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдаланып, туған өлкенің тарихын танытуға және болашақ туризм мамандары мен инструкторларды даярлауға көмектеседі.  

- «Қазіргі таңда, туристерге көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында қаламызда біршама жұмыстар атқарылуда. Оларға жасалатын такси көлігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы «Astana Taxi» ассоциациясының үлгісінде таксомоторлы компанияларды бірегей ассоциацияға біріктіру бойынша келіссөздер жүргізілуде. Такси көліктерінің бірыңғай стилі әзірленіп, компания өкілдеріне ұсынылды. Ендігі кезекте, таксомоторлы компания басшылары бірыңғай стильдегі туристік көліктерді безендіруді жүзеге асыруда», - дейді Туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Қалқабаев.  

  Өткен жылы қалаға келген туристер саны 22 068 адамды құраған. Оның басым көпшілігін көршілес Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан және Қытай азаматтары құрайды. Қалаға келуші туристердің көпшілігі тарихи орындарды зиярат етіп, таулы аймақтарды аралап, зерттеу үшін келеді екен. Алдағы уақытта, туризм басқармасы осы мәселелерді ескере отырып, туризмге лайықты орта ұйымдастыруды қолға алып отыр. 




Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елге келген қандастардың неше пайызы еңбекке жарамсыз
  • Қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді
  • Мемлекет басшысы Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісін тағайындады
  • Ресей: Теракт болған күні Крокустан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланған
  • Президент терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер