Шерхан Мұртазаның құрметіне ескерткіш тақта қойылды

Screenshot_15.jpg

Түркістан облысы, Түлкібас ауданының халқының мұрындық болуымен халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Шерхан Мұртаза ағамыздың әруағына құран бағышталып, бейітінің басына ескерткіш қойылды, деп хабарлайды OINET.KZ

Ескерткіш ерекше композициямен, кітап мүсінімен жасалған. Ескерткіште сонымен қатар Шерхан ағамыздың суреті мен туған жылы, тағылымды ойлары жазылған. 

Сондай-ақ, Алаштың алдаспанын ту еткен қайраткердің тұрған үйге де ескерткіш тақта қойылды. Ескерткіш тақтаны да Түлкібас ауданының әкімдігі жасап, атсалысты. Даласы бауымен астасып, өзен-көлімен ұштасып жатқан киелі өлке Түлкібас ауданынан бір топ азаматтар Ш.Мұртаза ағамыздың жылдық асына барып, өнегелі іс жасап, қарымды қаламгерге құрмет көрсетті. 

Қазақ тарихында халықтың Шерағасы деген атқа ие болған Шерхан Мұртаза жайлы Түлкібастықтар М.Мырзахметұлы, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Д.Мыңбай басқа да жазушылар мен ақындар, қайраткерлер кейінгі ұрпаққа рухани бай мұрасын қалдырған қаламгер жайлы естеліктер айтты. 

Screenshot_16.jpg

Қайраткерлігі мен қаламгерлікті қатар алып жүріп, кесімді пікір айтып, ұлттық рухтың жаршысы болған Ш.Мұртаза туған жері Жуалы ауданы кеңес үкіметі кезінде Түлкібас ауданымен бір аудан болған. Қос ауданға ортақ тұлға Шерхан ағамыз Жуалыға келгенде Түлкібас ауданына ат басын бұрып, елмен кездесіп, бір қауышып қайтатын. Сондықтар болар Ш.Мұртаза Түлкібас ауданы жайлы «Түлкібас –тұлпарлар туған жер, сұнқарлар қонған жер» деген теңдеу берген.

Screenshot_17.jpg

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент қаласында шектеу шараларын енгізу туралы
  • Шымкент: Банк бөлімшелерінде 100-ге жуық ерікті тұрғындарға көмектесуде
  • Шымкенттегі ірі сауда орындарының аумағында дезинфекция жұмыстары жүргізілуде
  • Шымкент: Блок-бекетті айналып өтпек болған 150 көлік жүргізушісіне хаттама толтырылды
  • Коронавирусқа байланысты бюджет табысы қаншаға азаяды?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер