Астық пісті, қамбаға түсті


Бәйдібек ауданында астық ору науқаны жалғасып жатыр. Бүгінге дейін үш мың гектар бидай орылып, алпыс мың тонна астық қамбаға құйылды. Әр гектардан орташа түсім 20 центнерді құрап отыр. Сонымен қатар, жаздық арпаның тоғыз жүз гектары орылып, қамбаға он төрт мыңға таяу тоннасы түсті. Биыл арпаның түсімі гектарнан 15 центнерді құрауда.
Бәйдібек аудандық ауылшаруашылығы мамандарының мәлімдеуінше науқандық жұмыстарға қолдағы бар техника жұмылдырылған. Астық орағына Боралдай, Бөген, Жамбыл, Көктерек ауыл округтері көшті бастап кірісіп кеткен.
Ауданда биыл егілген дәнді-дақылдар көлемі 44650,26 гектарды құрайды. Оның ішінде күздік бидай – 343012,16 гектар, жаздық бидай – 1110,4 гектар. Жаздық арпа  – 8297,7 гектар. Ал 940 гектарға жүгері дақылы егілген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер