Ауыл абаттандырылып, жолдар жөнделеді


Бәйдібек ата ауылы абаттандырылып, көшелері жөнделеді. Қоғамдық кеңесте мақұлданып, аудандық мәслихат депутаттарынан қолдау тапқан оңды бір шешімге орай Ақтас ауылдық округіне қарасты Бәйдібек ата ауылы дамудың даңғыл жолына түскелі отыр. Нақтырақ айтқанда, 2019 жылғы 13 маусымда өткен облыстық мәслихаттың №38 405 -VI шешімімен аудан бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен Бәйдібек ата ауылындағы Қарабастау көшесін орташа жөндеуге 138 мың теңге, Маханов көшесін орташа жөндеуге 110 824 мың теңге, Торғауытов көшесін орташа жөндеуге 23 988 мың теңге қаржы қаралып отыр. Сонымен бірге абаттандыру жұмысына (шарбақпен қоршауға) 182 697 мың теңге, бағытталған.
Сондай-ақ, бұған қосымша жергілікті бюджет есебінен осы ауылдағы «Тағзым» аллеясын ағымдағы жөндеуге 50 179 мың теңге, балалар аллеясын абаттандыруға 16 266 мың теңге, Қарабастау көшесін орташа жөндеуге 37 457 мың теңге, Балғынсай көшесін орташа жөндеуге 20 732 мың теңге, Е.Шөкеев көшесін орташа жөндеуге 28 344 мың теңге бөлінеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Председатель ФПРК: «Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы»
  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Қырғызстан халқының саны 7,4 млн адамға жуықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер