Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыру талқыланды

11.09.jpgСәрсенбі күні «Мыңжылқы» бастауыш партия ұйымының жиыны өтіп, онда партияластар Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын талқылады. Дәстүрлі жиналыстар түрінде емес, пікір алмасу бағытында еркін форматта өткізілген басқосуға Nur Otan партиясының топтық ұйым жетекшілері, мүшелері қатысып, маңызды құжаттың басымдықтары мен міндеттері туралы жан-жақты ой бөлісті.
Партия мүшесі Ернар Сағындықтың Жолдау жайындағы шағын хабарламасынан соң, “Sozaq uni” газетінің жауапты хатшысы Мақсат Қарғабай, Н.Төреқұлов атындағы ІТ-мектебінің мұғалімі Тұрсын Ахатаева, Ы.Алтынсарин атындағы ажлпы орта мектебінің мұғалімі – “Jas Otan” жастар қанатының белсендісі Нұрсұлу Әбдашім өз ойларын ортаға салды. Мұнан бөлек «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ «Созақ аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының» қызметкері Гүлназ Арыстанова, аудандық «Тілдерді дамыту мен оқыту орталығының» директоры Гүлдана Биғондиевалар пікір білдіріп, бірқатар мәселелерді жүзеге асыру бойынша ұсыныстарын жеткізді.
Р.Әлжанов партия жұмысы жаңа форматқа көшіп жатқанын, азаматтардың мәселелерін дер кезінде шешуге екпін беріліп отырғанын айта келе, Партия Төрағасының, ҚР Президентінің партиямыздың алдына қойып отырған міндеттерін жүзеге асырда белсенділік танытып, Жолдаудағы қойылған мақсаттарға барлық күш-жігермен бірге қол жеткізуге шақырды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Екпе аутизмді тудыра ма? Денсаулық сақтау министрі түсіндірді
  • Кәрім Мәсімовтәң зәулім үйі тәркіленді
  • Президент Әкімшілігі Алматы әкімі қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізеді
  • В городе Шымкент проведена информационно-разъяснительная работа в сфере религии
  • Тоқаев: Қытай халқы қазақ халқына ешқашан зиян келтірген жоқ, болашақта да зиян келтірмейді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер