Жанар Хамитованың құрметіне бейнебаян шықты

Screenshot_1.jpg

Жанар Хамитованың құрметіне бейнебаян шықты, деп хабарлайды Oinet.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Бір апта бойы досының қазасынан ес жия алмаған Рысбек Аташ, қалың көпшіліктен бейнебаян түсіру туралы ой-пікірлерін сұраған болатын. Шынайы қолдаудың нәтижесінде бейнеклип назарға ұсынылды. 

"Сіздердің жауаптарыңызды толықтай оқып шықтым. Қолдап жатқандарыңызға алғыс білдіремін. Жанарға арналған бейнебаян түсірілетін болды сіздердің қолдауларыңызбен. Көп созбай ертең бастайтын болып шештік. Енді соған лайықты сценарий жазуын талғылап жатырмыз. Сіздердің ойлап жүрген немесе ойыңызда жүрген жайттар бар ма? Ойларыңыз болса бөлісіп кетсеңіз. Толықтыру керек болып жатыр. Осы жолы сізбен бірге жасайық барлық процесті", - деді Рысбек Аташ. 

Әнші бұл жоспарының да аяқталып қалғанын айтып, хабар жазды.

"Көптің қолдауымен басталған Жанардың құрметіне арналған бейнебаян түсірілімі бітті. Алла қаласа 2-3 күнде көресіздер. Арналардан немесе интернет жүйелерінен көре аласыздар. Барлық жазған ой-пікірлеріңізді оқып жатырмыз! Керекті қызықты ойларңызды бейнебаянға қостық. Рахмет бірге болғандарыңызға! Кейбір түсініксіз сұрақтарға кейін жауап беретін боламын.

Бастысы басталған іс аяқталды. Қолдауларыңызға алғыс білдіремін", - деп алғысын айтты әнші. 



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бүгінде Қазақстан теңізге шыға алмайтын ел санатына жатпайды — БҰҰ Бас хатшысы
  • Жарты жылда 6,7 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алған https://kaz.inform.kz/news/zhar
  • Қырғызстаннан Алтайға қар барыстары жеткізілді
  • Марат Пашимов жаңа қызметке тағайындалды
  • Руслан Желдібай: «Бағанашыл» балалар үйі Қонаев қаласына көшірілмейді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер