Димаш Игорь Крутойдың мерейтойында ата-анасымен бірге қонақ болды

WhatsApp Image 2019-07-30 at 12.51.12 (1).jpeg

Танымал композитор 29 шілдеде 65 жасқа толды. Ол туған күнін Түркияда атап өткен. Мерейтой қонақтары отшашу тамашалап, Димаш Құдайбергеннің әндерін тыңдады.

WhatsApp Image 2019-07-30 at 12.51.12.jpeg

Димаш жариялаған суреттерден көріп отырғанымыздай, композитордың мерейтойына жиналғандардың барлығы ақ түсті киім киген.

WhatsApp Image 2019-07-30 at 12.51.12 (2).jpeg

Димаш Игорь Крутойдың бойындағы қасиеттерін атап өтіп, оны туған күнімен құттықтады.

«Түркияда мықты композитор, жылдар бойы өшпес аңызға айналған әндерді шығарушы данышпан әрі өте қарапайым жанның туған күнін тойлап жатырмыз. Халықтың ең сүйікті әндерінің авторы 65 жасқа толды. Туған күніңізбен, маэстро», - деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.


Бұған дейін Ресейдің халық әртісі, композитор Игорь Крутой ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұқбатында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге жаңа әндер жазатынын хабарлады. Бұл әндер әншінің толыққанды альбомына кіруі мүмкін.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақ–қырғыз шекарасындағы өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істеуге көшті
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ТОҚТАЛДЫ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСУІ МЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫН АТАП ӨТТІ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА СЫР ӨҢІРІНІҢ ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ
  • Мемлекет басшысы Вице-президент лауазымын енгізуді ұсынды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер