Енді Қытайдан ескі көлік сатып алуға болады


Осы уақытқа дейін Қытайда қолданыста болған көліктерді экспортқа шығаруға тыйым салынған. Аспан асты елінде сұранысы жоқ көліктердің тым көп болуы жағдайды өзгертті. Бірақ машиналардың бәрін шетелге шығаруға рұқсат жоқ. Әзірге тек он аймақ қана белгіленген.
Тыйым 2019 жылдың мамыр айында күшін жойған, бірақ экспортқа шығарылатын көліктердің алғашқы легі енді ғана дайын болды. 300 автокөлік Ресей Федерациясына жіберіледі. Дегенмен тізімде дәл қандай автокөліктердің бары белгісіз.

Қытай ұсталған көліктерді тек Ресейге сатумен шектелмейді. Бұл тізімде Камбоджа, Нигерия, Мьянма елдерімен қатар Қазақстан да бар. Қытайлар әзірше бізді қызықтыруы мүмкін көліктерді қарастырып жатыр. Расымен де Қытайдан авто келе бастаса, біздегі халық қуанады. Өйткені Қазақстан автопаркі қатты тозып барады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер