Түркістанда жасанды бес өзен салынады

24b33a74-fd7e-492c-a974-ebf0db0df518.jpg

Түркістан қаласы әкімінің баяндамасын тыңдаған облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев биыл Түркістан қаласының ішінде 5 канал жүргізіп, суландыру жүйесін барынша күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, шаһарда ұңғыма санын көбейтіп, гүл мен шалғынға қажетті су мөлшерін барынша молайту қажеттігін нықтап айтты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс басшысынң төрағалығымен өткен аппараттық жиында Түркістан қаласын дамыту және Түркістан облысындағы шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері қаралды. Шаһар әкімі Әліпбек Өсербаев қаланың құрылысы және облыс орталығын сумен қамтасыз ету мен көгалдандыру жұмыстарымен таныстырды. 

Қарашық өзенінен бастау алатын Қотырбұлақ каналынан арықтар тартылса, Кентау тас жолы бойында егілген ағаштар мен Парасат паркі сумен қамтылады. Қала ішіндегі ирригациялық арықшалар бойынша суландыруда қала бойынша 17 көшеде жалпы ұзындығы 70,2 шақырым құрайтын ирригациялық арықшалар бар. Бұл арықшалар 2016-2018 жылдары толық қайта қалпына келтірілді, – деді Әліпбек Өсербайұлы.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер