Әкім орынбасарының үйінен екі адамның мәйіті табылды

smert-ot-vodki.jpg

Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Марат Жанесеновтың үйінен жалдамалы жұмысшылардың мәйіттері табылды. Жұмбақ жағдайда қайтыс болған 31 және 34 жатағы екі азамат Жанесеновтың малын баққан. Бұл туралы  otyrar.kz сайты хабарлады.

Қайғылы жағдай Кемербастау ауылында орын алды. Үй иесі ағайындылардың мүрделерін келесі күні тапқан. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұнда жұмыс іздеп келген екеу Қазақстанға Өзбекстаннан көшіп келген екен.

Қайтыс болардан бір күн бұрын ағайындылар кешкі астарын үй иесімен бірге бір дастархан басында ішіп, бөлмелеріне кеткен. Азанда оянбапты.

– Мен есікті ашқанда бірі шалқасынан, екіншісі етпетінен жерде жатты. Бөлменің ортасында пластик бқтелке тұрды, арақ ішкен болуы керек, – дейді әкім орынбасарының әйелі Гүлсара Жанесенова.  

Оның айтуынша, бұл үйде күйеуі екеуі-ақ тұрады. Екі апта бұрын күйеуі ағайындыларды екі апта бұрын ертіп келген. Олардың паналайтын жерлері болмапты. Жағдайын жасап, үйге кіргізген. Екеуі үйге тек түнеуге ғана келіп жүріпті. Қалған уақыттарында малға қараған. Сол түні олар арақ ішкен. Бұған дейін де алкоголь тұтынып жүрген болулары мүмкін деген болжам да бар.

Мәйіттерден күш қолдану белгілері жоқ. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қарагөзованың айтуынша, экспертиза жұмыстары жүргізілуде. Соның қорытындысының негізінде нақты шаралар қолданылмақ.

Қайтыс болғандардың отбасылары болған, бірақ ажырасып кеткен. Олар 10 жыл бұрын Қазақстанға көшіп келген. Жақындарынан тек анасы бар, Алматыда тұрады екен.

– Үй иесі Марат Жанесенов жақсы азамат, жерлеу шығындарының бәрін өзі көтерді, – дейді Кемербастау түрғыны Рәтәлі Жорабеков.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елге келген қандастардың неше пайызы еңбекке жарамсыз
  • Қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді
  • Мемлекет басшысы Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісін тағайындады
  • Ресей: Теракт болған күні Крокустан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланған
  • Президент терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер