Еркектерді жантақпен емдеуге болады

Alshynbaev-Myrzakarim-Karimuly-0-1.jpg

Жантақпен несептас ауруын емдеуге болады. Бұл туралы Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ұйытқы болуымен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен урологтардың алғашқы пленумында еліміздің бас урлологы Мырзакерім Алшынбаев айтты.

Түркістан қаласына бес елдің бас уролог дәрігерлері жиналды. Атап айтқанда,  Атап айтқанда, Ресей, Беларуссия, Қырғызстан және Өзбекстан мен Қазақстанның жоғары дәрежелі мамандары келді. Пленумда «Несептас ауруының алдын алу мәселесі қаралды. Олар несеп жолдарында пайда болатын аурулардың алдын алу, емдеу жайында өз ойларын айтып, өзара пікір алмасты.

– Ауруды емдеуден бұрын оның алдын алудың жолдарын қарастыруымыз керек. Мұнда біз дертті емдеудің тәсілдері мен одан толық айығудың амалдарын, қайталанбауын қарастырдық. Бұл жөнінде көп жұмыстар істедік. Бізде дәрі ретінде қолданатын жантақ бар. Несеп жолдары ауруларын емдеуде басқа да түрлі емдік шөптер көп қолданылады. Сондай мол тәжірибемізді басқа елдердің дәрігерлеріне көрсете біліміз керек, – деді Мырзакерім Алшынбаев.

Алшынбаевтың айтуынша, оны тек Қазақстанның денсаулық сақтау басқармалары ғана емес, басқа елдердің де денсаулық сақтау басқармалары қолдануына, ары қарай емдеудің сапасын көтеруге болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
  • В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек
  • Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасына 67 мыңға жуық адам қатысуға тіркелді
  • Мемлекет басшысы энергетика саласындағы ықпалдастықтың әлеуетіне жоғары баға берді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер