Түймебаев жетімдер үйін жабатынын жеткізді

Биыл облыстағы жалғыз жетімдер үйі толығымен жабылады. Бұл туралы өңір басшысы Ж.Түймебаев Түркістан қаласында өткен ел алдындағы есебінде айтты.

51953772_1166943393485913_2743303278195376128_n.jpg

Ауылшаруашылығын қолдау қоры арқылы ауыл аймақтағы 200-ден астам жас кәсіпкерге төмен пайызбен 1,5 млрд теңге несие беруді көздеп отырмыз. «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында 5500-ге жуық жасқа қолдау білдіру үшін 2 млрд теңге бөлінеді, – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, 1200 жұмыссыз азамат кәсіпкерлік негіздері курстарынан өткізіп, олардың кемінде 80 пайызына төмендетілген пайызбен несие берілетін болады.

«Жастарды тұрғын үймен қамту» жобасы аясында түрлі көздерден 260 жасты баспанамен қамту көзделуде.

– Жастар жылында Елбасы отбасы институты мен құндылықтарын дамытуға ерекше назар аударды.  Осы орайда, биыл өңірдегі жалғыз балалар үйі «Отбасы үйі» форматына көшеді. Осылайша, оңтүстік өңірдегі жетімдер үйі толығымен жабылады, – деді Жансейіт Қансейітұлы.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер