Ауған соғысының аяқталғанына 30 жыл

68731b4e-7c6b-4a67-9880-f2bd46fc1c21.jpg

15 ақпан ­­-  Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен азат етілген күні. Осы тарихи оқиғаға 30 жыл толуына орай «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС компаниясы өздерінде еңбек ететін 13 ауған соғысының ардагерлеріне арнайы дастархан жайып, құрмет көрсетті.  

Компанияның баспасөз хатшысы Еркін Жұмаділовтың айтуынша, бұрын 20-ға жуық ардагер болса бүгінде 13-і жұмыс істейді. Компания ардагерлерге  шипажайға жолдама беріп, атаулы күннің құрметіне сыйақы ұсынып тұрады. Осы 14-16 ақпан күндері арнайы демалыс берген.  Ардагерлер Абай саябағындағы Ауған соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойған соң, «Оңтүстік қабыладау үйі» мейрамханасында арнайы  жайылған дастарханға қатысты.  

Бірқатар ардагерді Шымкент қалалық Қорғасын істері жөніндегі басқарма бастығы, полковник Әбдіғабит Шегебаев «Кеңес әскерінің ауған жерінен шыққанына 30 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапаттады. Одан соң кешегі сарбаздарға қала әкімі Ғ.Әбдірахымовтың құттықтау грамотасы табыс етілді.  Сонымен қатар, іс-шараның негізгі ұйымдастырушылары компанияның өңірлік еңбек ресурстарының басшысы Эльмира Құсайынова, әкімшілік құқықтық мәселелер және персоналды басқару жөніндегі директоры  Гүлназ Мансұрқызы, кәсіподақ ұйымының төрағасы Айтбек Сағиұлылар құттықтады.

 

Динар БОРАНБЕКҚЫЗЫ

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер