2026 жылғы маусым айында ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің «№1 М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жариялаған мемлекеттік сатып алу рәсіміне камералдық бақылау жүргізді.
Камералдық бақылау барысында қолданыстағы заңнама талаптарының сақталмауы анықталды. Атап айтқанда, сатып алынатын тауарлардың сипаттамаларында нақты бір тауарды немесе өндірушіні айқындайтын белгілер көрсетілген, бұл бәсекелестік қағидаттарына қайшы келеді.
Анықталған бұзушылықтардың негізінде «№1 М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік сатып алу құжаттамасын қолданыстағы талаптарға сәйкестендіру туралы хабарлама жолданды.
Нәтижесінде ұйымдастырушы тарапынан Департаменттің хабарламасы белгіленген мерзімде толық көлемде орындалып, мемлекеттік сатып алу құжаттамасына тиісті өзгерістер енгізілді. Осылайша, анықталған бұзушылықтар жойылып, мемлекеттік сатып алу рәсімі заңнама талаптарына сәйкес келтірілді.
Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алу саласындағы ашықтықты қамтамасыз етуге, адал бәсекелестікті дамытуға және заң талаптарының сақталуын бақылауға бағытталған маңызды тетік болып табылады.
Түркістан облысы облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің
бас маманы Б.Мақашов
По результатам камерального контроля документация государственных закупок приведена в соответствие с установленными требованиями
В июне 2026 года Департаментом внутреннего государственного аудита по Туркестанской области Комитета внутреннего государственного аудита Министерства финансов Республики Казахстан проведен камеральный контроль процедуры государственных закупок, размещенной коммунальным государственным учреждением «Общеобразовательная школа №1 имени М. Ауэзова» отдела образования Шардаринского района управления образования Туркестанской области.
В ходе камерального контроля установлено несоблюдение требований действующего законодательства. В частности, в характеристиках закупаемых товаров указаны признаки, позволяющие идентифицировать конкретный товар или производителя, что противоречит принципам конкуренции.
По факту выявленных нарушений в адрес коммунального государственного учреждения «Общеобразовательная школа №1 имени М. Ауэзова» направлено уведомление о приведении документации государственных закупок в соответствие с установленными требованиями.
По результатам рассмотрения уведомления организатором требования Департамента исполнены в полном объеме и в установленные сроки, в документацию государственных закупок внесены соответствующие изменения. Таким образом, выявленные нарушения устранены, а процедура государственных закупок приведена в соответствие с требованиями законодательства.
Камеральный контроль является важным механизмом обеспечения прозрачности в сфере государственных закупок, развития добросовестной конкуренции и контроля соблюдения требований законодательства.
Б. Макашов
Главный специалист, Департамент внутренного государственного аудита по Туркестанской области
