"Құлмұрат Ата" өндірістік кооперативінде маңызды кездесу өтті

Screenshot_47.jpg

Келес ауданы Қошқарата ауылдық округі, Алғабас елді мекенінде орналасқан “Құлмұрат Ата” өндірістік кооперативінде маңызды кездесу өтті. «Ауыл» партиясының Келес ауданы бойынша аумақтық ұйымының төрағасы Сапаров Әбубәкір Төлегенұлы кооператив төрағасы Керимбердиев Ерболмен кездесіп, шаруашылықтың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, пікір алмасты.

Кездесу барысында кооперативте пияз, қырыққабат, сәбіз секілді көкөніс дақылдарын өсіру жұмыстары, өнім көлемін арттыру мен ауыл шаруашылығын дамыту бағыттары сөз болды. Сонымен қатар, еңбек адамдарының жұмысы мен аграрлық саланы қолдау мәселелері талқыланып, алдағы жоспарлар пысықталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Руханиятқа көрсетілген құрмет
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: Қос палаталы Парламент отыз жылдық тарихи миссиясын абыроймен аяқтайды
  • Камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар толық жойылды
  • Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу құжаттары талаптарға сәйкестендірілді
  • Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу рәсіміндегі бұзушылықтар жойылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер