"Таза Қазақстан" акциясы ұйымдастырылды

Screenshot_39.jpg

Бүгін Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында Ауыл партиясы Бәйдібек ауданы бойынша өңірлік филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Ерболат Қалдарұлы Мырзабековтің бастамасымен Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен бірлесіп “Таза Қазақстан” акциясы ұйымдастырылды.

Акция аясында ауыл тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізілді. Игі шара барысында қатысушылар туған жердің тазалығы мен көркеюіне үлес қосып, ортақ жауапкершіліктің маңызын көрсетті.

Кездесу барысында экологиялық бастамаларды қолдау, елді мекендерді абаттандыру және қоғам белсенділігін арттыру мәселелері сөз болды. “Таза Қазақстан” акциясы – табиғатты аялау мен қоғамның бірлігін нығайтатын маңызды бастамалардың бірі екені атап өтілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Руханиятқа көрсетілген құрмет
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: Қос палаталы Парламент отыз жылдық тарихи миссиясын абыроймен аяқтайды
  • Камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар толық жойылды
  • Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу құжаттары талаптарға сәйкестендірілді
  • Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу рәсіміндегі бұзушылықтар жойылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер