
Бүгін Түркістан қаласында жастардың шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталған өңірлік “HACKATHON: Инновациялық, Тұрақтылық, Болашақ” атты студенттер іс-шарасы өтті. Аталған алаңда өңірдің белсенді жастары бас қосып, инновациялық жобалар, тұрақты даму бағыттары және болашақтың мүмкіндіктері төңірегінде өзара пікір алмасты.
Іс-шара барысында Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал кеңесшісі Бимбетов Нұрсұлтан Бибосынұлы жастармен еркін форматта сұхбат құрып, олардың бастамалары мен ұсыныстарына қолдау білдірді. Кездесу аясында жастардың идеяларын жүзеге асыру, жаңа жобаларды қолдау және қоғам дамуына үлес қосу мәселелері талқыланды.
Мұндай тағылымды кездесулер өскелең ұрпақтың белсенділігін арттырып, олардың тың идеяларын қолдауға және болашаққа нық қадам жасауына серпін береді.
