Кешеннің жұмысымен танысты

Screenshot_26.jpg

Бүгін Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылында орналасқан банан өсіретін «GEN GROUP KAZAKHSTAN» жылыжай кешенінде «Ауыл» партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы және облыстық мәслихат депутаттары арнайы барып, кешеннің жұмысымен танысты.

Кездесу барысында жылыжай кешенінің тиімділігі мен заманауи агротехнологияларды қолдану арқылы жоғары өнімділікке қол жеткізіп отырғаны атап өтілді. Сонымен қатар, жоба өңірдің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ішкі нарықты сапалы отандық өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отырғаны айтылды.

Халық қалаулылары мұндай ауқымды жобалардың маңыздылығын ерекше атап өтіп, агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы бастамаларды алдағы уақытта да қолдау қажеттігін жеткізді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жолдағы балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде
  • Таза ауыл – таза болашақтың кепілі
  • Балдыбірек каналының арнасы тазаланды
  • МАҚТААРАЛДА МАҚТА ЕГУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
  • Мақта дақылын егу жұмыстары басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер