Депутаттар қоғамдық марапаттарды заңмен реттеуді ұсынды

zhezk-azg-andag-y-zhol-infrak-u-rylymy-k-azirgi-talaptarg-a-say-kelmeydi-erbolat-satybaldy_1775646552.jpg

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Асхат Әлтай мен Ерболат Сатыбалды Үкіметке депутаттық сауал жолдап, Қазақстанда қоғамдық марапаттарды құқықтық реттеу мәселесін көтерді.

Депутаттардың айтуынша, соңғы уақытта қоғамда жалған бедел мен орынсыз марапатқа ұмтылу үрдісі күшейіп келеді. Әсіресе, түрлі ұйымдар мен қауымдастықтар тарапынан берілетін төсбелгілер мен медальдардың саны артқан. Бұл жағдай марапаттардың құндылығын төмендетіп, еңбекке негізделген әділ бағалау жүйесіне кері әсер етуде.

Сауалда нақты мысалдар келтірілген. Атап айтқанда, 2025 жылы «Qazaqstan ardagerleri» қоғамдық бірлестігі тарихи тұлғалардың атымен марапаттар табыстаған. Алайда олардың атауы мен дизайны мемлекеттік наградаларға ұқсас деп танылып, ұйымдастырушылардың бірі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Депутаттар қолданыстағы заңнамада «қоғамдық марапат» ұғымының нақты бекітілмегенін атап өтті. Соның салдарынан қоғамдық ұйымдар беретін марапаттар тиісті құқықтық бақылаудан тыс қалып отыр.

«Қоғамдық марапат ұғымын заңға енгізу, тарихи тұлғалардың есімдерін және жоғары мәртебелі атауларды пайдалануға шектеу қою, сондай-ақ марапаттардың атауы мен дизайнына міндетті сараптама енгізу қажет», - делінген  сауалда.

Халық қалаулыларының пікірінше, бұл шаралар марапаттау жүйесінің әділдігін қамтамасыз етіп, мемлекеттік наградалардың беделін сақтауға мүмкіндік береді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Депутаттар қоғамдық марапаттарды заңмен реттеуді ұсынды
  • Графикалық интерфейс элементтерін құру
  • Су үнемдеген шаруаларға субсидия 80% дейін артады
  • Қазақстанда мұнайдың алты жаңа кен орны анықталды
  • ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ӨРКЕНДЕТУ – БАСТЫ НАЗАРДАҒЫ МӘСЕЛЕ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер