ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ӨРКЕНДЕТУ – БАСТЫ НАЗАРДАҒЫ МӘСЕЛЕ

Screenshot_9.jpg

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында «Отандық өндіріс негізінде мықты экономика құрамыз. Әрбіріміз экономика патриоты және өнеркәсіп прагматигі болуымыз керек. 

Қазақстан жерінде өндірілетін шикізат Қазақстан жерінде өңделуі, қазақстандық тауар өндірісінде пайдаланылуы тиіс» деген міндеттің қойылып отырғаны белгілі.   Бұл межеге жету ұлттық экономиканы жаңа кезеңге шығаруды әрі тұрақты дамуды қамтамасыз етуді меңзейді. 

Әсіресе осы тапсырманың өңірлерде орындалу барысын бақылаған жөн. Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Парламенттегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Қайрат Балабиев, Ұласбек Сәдібеков, Темір Қырықбаев және Нұрсұлтан Байтілесов    Ордабасы ауданында болып, өңірдегі ірі өндірістік кәсіпорындардың қызметімен танысты.

Жұмыс сапары барысында Мәжіліс депутаттарымен бірге  Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, облыстық мәслихат депутаты Ғани Райымбеков, сондай-ақ Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Олжас Болатханұлымен нысан аумағында болып, өндірістік жұмыстардың барысы жан-жақты зерделенді.

Кәсіпорын жұмысымен таныстыру кезінде аудан әкімінің орынбасары Олжас Болатханұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту және отандық өндірісті дамыту жөніндегі тапсырмалары өңірде жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің бастамасымен Ордабасы ауданында инвестициялық ахуалды жақсарту, кәсіпкерлікті қолдау және өндіріс көлемін арттыру бағытында нақты әрі нәтижелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Сапар аясында халық қалаулылары Бадам ауылдық округінде орналасқан «KAZ KIOTI» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауытына барып, өндірістік үдерістермен, технологиялық желілермен және кәсіпорынның даму жоспарларымен танысты. Сонымен қатар еңбек ұжымымен еркін форматта кездесу өтіп, жұмысшылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Кездесу барысында мәжілісмендермен бірге өндірістегі бірқатар өзекті мәселелерге, оның ішінде еңбек жағдайын жақсарту, технологиялық жаңғырту және кадрлық әлеуетті нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мәжіліс депутаттары көтерілген ұсыныстарды ескере отырып, оларды заңнамалық деңгейде қолдауға және тиісті шешімдер қабылдауға дайын екендіктерін білдірді.

Атап өту қажет, «KAZ KIOTI» ЖШС зауыты 2015 жылдан бері тұрақты жұмыс істеп келеді. Бүгінде кәсіпорында 150 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жалпы инвестициялық құны 6,9 млрд теңгені құрайтын өндіріс орны жылына 2 мың дана ауыл шаруашылығы техникасын шығаруға қауқарлы. Сонымен қатар кәсіпорында өндірістегі локализация деңгейі жыл сайын артып, шойын бұйымдарын шығару жолға қойылып, нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылуда.

Бұл бағыттағы жұмыстар «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында белгіленген отандық өндірісті қолдау, өңірлік экономиканы дамыту және халықты тұрақты жұмыспен қамту жөніндегі міндеттермен толық үндеседі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ӨРКЕНДЕТУ – БАСТЫ НАЗАРДАҒЫ МӘСЕЛЕ
  • Бір оқушының тамақтануының орташа құны қанша
  • Рамазан Бектұрғанов —Түркістан облыстық офтальмологиялық ауруханасының басшысы
  • Нұрлыбаев Түркістан облыстық фтизиопульмонологиялық орталығын басқарады
  • Түйе үстінде жамбы атудан қазақ қызы әлемдік рекорд орнатты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер