Мыңбұлақ тұрғындары Наурызды ерекше атап өтті

image.png

Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауылдық округіне қарасты Мәдениет ауылында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті. Ауыл тұрғындары бірлік пен берекенің символына айналған әз-Наурызды ерекше ықыласпен қарсы алды.

Мерекелік шараны жылқы жылы дүниеге келген азаматтар ұйымдастырып, ұлттық салт-дәстүрді жаңғыртуға өз үлестерін қосты. Шара барысында арқан тарту, асық ату сынды ұлттық ойындар ойнатылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бұл ойындар арқылы халқымыздың бай мұрасы дәріптеліп, жас ұрпаққа ұлттық құндылықтардың маңызы кеңінен насихатталды.

Мерекеге “Ауыл” партиясының Бәйдібек ауданы бойынша аумақтық ұйым төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Мырзабеков Ерболат Қалдарұлы қатысып, ауыл тұрғындарын Наурыз мейрамымен құттықтап, “Ауыл” партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлының Алғыс хатымен және партиямыздың төс белгісімен бірқатар белсенді азаматтарды марапаттады.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі ауыл тұрғындарының ынтымағын арттырып, ұлттық рухты асқақтатқан тағылымды шара ретінде есте қалды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таза ауыл – таза болашақтың кепілі
  • Балдыбірек каналының арнасы тазаланды
  • МАҚТААРАЛДА МАҚТА ЕГУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
  • Мақта дақылын егу жұмыстары басталды
  • "Құлмұрат Ата" өндірістік кооперативінде маңызды кездесу өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер