“Ауыл” партиясының ұйымдастыруымен волейболдан турнир өтті

image.png

Түркістан облысында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтуде. Осы мерекеге орай “Ауыл” партиясының ұйымдастыруымен волейболдан турнир өткізілуде.

Аталған спорттық шара Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлының бастамасымен ұйымдастырылып, жастарды салауатты өмір салтына баулуға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.

Турнир барысында қатысушылар өзара бақ сынасып, командалық рух пен достық қарым-қатынасты нығайтуда. Бұл шара тек спорттық жарыс қана емес, сонымен қатар Наурыз мейрамының береке-бірлік, татулық пен ынтымақ құндылықтарын дәріптейтін маңызды алаңға айналуда.

Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, ел ішіндегі бірлік пен спортқа деген қызығушылықты арттыра беретіні сөзсіз.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таза ауыл – таза болашақтың кепілі
  • Балдыбірек каналының арнасы тазаланды
  • МАҚТААРАЛДА МАҚТА ЕГУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
  • Мақта дақылын егу жұмыстары басталды
  • "Құлмұрат Ата" өндірістік кооперативінде маңызды кездесу өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер