«Президенттік республика» − Конституцияда еліміздің басқару нысаны нақтыланды

image.png

 Мемлекеттік кеңесші – Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин Конституцияның жаңа мәтініндегі маңызды толықтырулар туралы айтып берді. 

− Қазіргі қолданыстағы Конституциядағы «Қазақстан Республикасы – Президент басқару нысанындағы біртұтас мемлекет» деген норманы нақтылап, жаңа редакцияда «Қазақстан Республикасы – унитарлы мемлекет, басқару үлгісі – Президенттік республика» деп нақты жазуды ұсынамыз, − деді Ерлан Қарин Конституциялық комиссияның бесінші отырысында.

Сондай-ақ, қолданыстағы Конституцияның 3-бабында «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деп көрсетілген. Оған «Егемендік иесі» деген сөз тіркесін қосу қажеттігі айтылып отыр.

Сондықтан бұл бапты «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендік иесі – Қазақстан халқы» деп жазу ұсынылды. Бұл конституциялық құрылыстың ішкі логикалық тұтастығын қамтамасыз етеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Шаңырақ» шағын ауданындағы инфрақұрылым мәселелері талқыланды
  • Депутаттар қоғамдық марапаттарды заңмен реттеуді ұсынды
  • Графикалық интерфейс элементтерін құру
  • Су үнемдеген шаруаларға субсидия 80% дейін артады
  • Қазақстанда мұнайдың алты жаңа кен орны анықталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер