Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды

Screenshot_4.jpg

Бүгін “Ауыл” партиясының Мақтаарал ауданы бойынша аумақтық ұйым төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Бірлік ауыл округіне қарасты Қ. Пернебаев ауылындағы “Жандос” шаруа қожалығына арнайы барып, қожалықтың жұмыс барысымен танысты.

Кездесу барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауы кеңінен талқыланды. Ел Президентінің алға қойған басым бағыттары, ауыл шаруашылығын дамытуға арналған бастамалары, ауыл еңбеккерлері үшін аса маңызды екені сөз болды.

Қожалық төрағасы Биболов Сабит Абдусаттарұлы биылғы жылы “Лазер” сұрпындағы күріш егіліп, гектарынан 50-60 центнер өнім алынғанын атап өтті. Қазіргі таңда қожалықта 80-нен астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Шаруашылық басшысы депутатқа өз ризашылығын білдіріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер