АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛДІКТІҢ БЕЛГІСІ!

Screenshot_3.jpg

Бүгін Қазығұрт ауданындағы Ардагерлер үйінде ерекше кездесу өтті.

“Ауыл” партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмуратов Төрегелді Оразалыұлы және филиал аппаратының басшысы, облыстық мәслихат депутаты Әжіметов Нұржан Нұрмаханбетұлы ауданның құрметті ақсақалдарымен жүздесіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын талқылады.

Кездесу барысында 80 жасқа толған Ағабеков Төле ақсақалға құрмет көрсетіліп, «Еңбек ардагері» төсбелгісі табысталды. Сонымен қатар, жиналысқа қатысқан бірқатар аудан ақсақалдарына «Ауыл» партиясының 25 жылдық мерекелік медалі салтанатты түрде берілді.

Бұл — ардагерлердің ел үшін атқарған ерен еңбегін бағалап, оларға деген алғыс пен құрметтің айғағы.

Қазыналы қарттарымыз аман болсын, абыройлары асқақ болсын!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер