Әлеуметтік нысан – "Қалдыбай ата" отбасылық мейрамханасы ашылды

Screenshot_16.jpg

Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында жаңа әлеуметтік нысан – "Қалдыбай ата" отбасылық мейрамханасы өз есігін айқара ашты.

Екі қабаттан тұратын кең де жарық мейрамханада отбасыларға арналған жайлы демалыс орындары, "Yummy park" балаларға арналған ойын алаңдары, сондай-ақ қырық адамдық заманауи банкет залы қарастырылған. Бұл – ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға және отбасымен келіп тынығып, дәм татуға барлық жағдай жасалған орын.

Ашылу салтанатына Созақ аудандық “Ауыл” партиясының аумақтық ұйымының төрағасы Аманкелді Әбибуллаұлы, Байдібек аудандық "Ауыл" партиясы атынан сайланған мәслихатының депутаты, Байдібек аудандық "Ауыл" партиясының аумақтық ұйымының төрағасы Ерболат Қалдарұлы, және “Ауыл” партиясы атынан сайланған Созақ аудандық мәслихатының депутаты Рыскелді Ұнсарыұлы қатысып, мейрамхананың ашылу лентасын қиды.

Мейрамхананың негізін қалаған Гүлсім анаға “Ауыл” партиясының мерекелік медалі табысталды. Ал әке жолын жалғастырып, ел игілігі үшін аянбай еңбектеніп жүрген Бақытжан Қалдыбайұлына Түркістан облыстық “Ауыл” партиясы өңірлік филиалының төрағасы Төрегелді Оразәліұлы Қалмұратовтың алғыс хаты тапсырылды.

"Қалдыбай ата" отбасылық мейрамханасының жұмысына береке, қадамына құт-береке тілейміз! Ауыл халқының игілігіне қызмет ете берсін!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер