Қос аяғынан айырылған қыз баланы оңалту шараларын мойнымызға аламыз — министр

image.png

Елордада жол апаты салдарынан екі аяғынан айырылған қыз баланы оңалту шарасын толығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауапкершілігіне алады. Бұл туралы ведомство басшысы Светлана Жақыпова мәлім етті деп жазады ҚазАқпарат. 

— Протездеу бойынша барлық қызметті, сондай-ақ оңалту шарасын өз мойнымызға аламыз. Кеше бұқаралық ақпарат құралдарында да ақпарат жарияланды, яғни қыз бала Егіндікөл аудандық емханасында тіркелген. Қазір дәрігерлер тарапынан жеке оңалту бағдарламасы әзірленіп жатыр. Отбасы біздің қарауымызда, — деген түсінік берді Светлана Жақыпова Мәжілісте БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Кеше Астанада жол апатынан екі аяғынан айырылған қыз бала ауруханадан шықты. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
  • Самұрық-Қазына басшысы 650 қызметкердің қысқартылатынын айтты
  • Қытайлық компаниялар Қазақстанның бірнеше қаласында қонақүйлер мен ойын-сауық кешенін салмақ
  • 90 мыңға жуық адам әлеуметтік желіде Жалпыұлттық коалиция бастамасын қолдады
  • Қырғызстан билігі Тергеу комитетін құруды жоспарлап отыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер