Отбасының кірісі мен шығысы есептеледі: АӘК жаңа тәртіппен тағайындалады

image.png

2025 жылғы 16 маусымнан бастап Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындау мен төлеудің жаңартылған қағидалары күшіне енеді деп жазады ҚазАқпарат.

Тиісті бұйрыққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі биыл 30 мамырда қол қойды. 

Жаңашылдықтың мақсаты — жүйені дәлірек әрі әділ ету. Енді көмек тағайындау кезінде өтініш берушінің кірісімен қатар шығысы да ескеріледі. Министрліктің мәліметіне сүйенсек, аталған шаралар мемлекеттік қолдауға мұқтаж азаматтарды анықтап, көмекті нақты мақсатты топқа бағыттауға мүмкіндік береді.

Өтініш беруші мен оның отбасы мүшелері туралы барлық қажетті мәлімет электрондық үкімет арқылы автоматты түрде сұралады. Азаматтық мәртебесі мен тіркеу орнынан бастап көлік, жылжымайтын мүлік, депозиттер, банк қарыздары, еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістерге дейінгі мәліметтер мемлекеттік органдардың дерекқорынан алынады. Тіпті банк карталары арқылы жүргізілген шығын да есепке алынады.

Сонымен қатар, асырауындағы жандардың оқуы, еңбек етуі, алименттің тағайындалуы, отбасы мүшелерінің еңбекке жарамдылығы мен біліктілігі де тексеріледі.

Ведомствоның ақпаратынша, аталған қадам әлеуметтік көмекті тек мұқтаж жандарға тағайындау үшін жасалып отыр. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 90 мыңға жуық адам әлеуметтік желіде Жалпыұлттық коалиция бастамасын қолдады
  • Қырғызстан билігі Тергеу комитетін құруды жоспарлап отыр
  • Заманауи өндіріс орындары салынады
  • Сауран ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі артты
  • Тоқаев Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер