Жамбылдық шенеуніктер қаржы жоқ деген желеумен балалардың спортпен шұғылдану кезегін заңсыз тоқтатқа

image.png

Тараз қаласының прокуратурасы Жамбыл облысы спорт басқармасының балалардың спорт секцияларына қол жеткізуде құқықтарын сақтау мәселесі бойынша қызметіне талдау жасады деп жазады ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған rgmedia.kz.

Басқарма бюджет қаражаты жоқ деген желеумен бір жылға жуық уақыт бойы балалардың спортпен шұғылдану кезегін заңсыз тоқтатқаны анықталды.

- Ал, қолданыстағы заңнамада қаражат болмауына байланысты кезекті тоқтата тұруға қатысты нормалар қарастырылмаған.

Қалалық прокуратураның қадағалау актісіне сәйкес, «Damu bala» платформасында заңсыз тоқтатылған кезек қалпына келтіріліп, 4560 кәмелетке толмаған баланың құқықтары қорғалды, - деп жазды бақылаушы органнан.

Сонымен қатар, 4 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 2 басшы бар.

Тараз қаласының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығын қорғауға да назар аударды.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы таксилер тек жұмыс күндері мен күндізгі уақытта тасымалдау қызметін көрсететіні анықталды.

Прокуратураның қадағалау актісі нәтижесінде «Инватакси» жұмыс режимі қайта қаралды. Енді балалар такси қызметін тәулік бойы, соның ішінде мереке және демалыс күндеріде пайдалана алады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент қаласында «таза қазақстан» акциясы аясында кең көлемді сенбілік өтті
  • Текесу тұрғын алабында сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды
  • Координирующая роль в регионе во многом предоставлена именно Казахстану – политолог Эдуард Полетаев
  • Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района "Зелёная балка"
  • Көксай шағынауданы тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер