Еліміздегі қалаларда халық саны азайып жатыр

image.png

 Ұлттық статистика бюросы жыл ішінде республикалық және облыстық маңызы бар 41 қаланың 20-сында халық саны азайғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды rgmedia.kz тілшісі.

Мамандардың айтуынша тұрғындар санының ең көп азаюы Қонаев қаласында тіркелген – бір жылда 8,2 пайызға төмендеген. 1 сәуірдегі жағдай бойынша, қалада 65,9 мың адам тұрады. Айтарлықтай төмендеу Семейде де байқалады – минус 5,1 пайыз, тұрғындар саны 314,1 мың адамға дейін қысқарған. Үшінші орында Байқоңыр – халық саны 3,6 пайызға азайып, 32,4 мың адам болған.

Егер Семей мен Байқоңырда халық санының төмендеуі соңғы бес жылда тұрақты түрде байқалса, Қонаевтағы азаю 2022 жылы қаланың Алматы облысының әкімшілік орталығына айналуынан кейінгі күрт өсімге қатысты түзету ретінде қарастырылады.

Қалған қалаларда халық санының азаюы 2 пайыздан аспайды. Ерекше жағдай – Приозерск, Курчатов және Арқалық қалалары, мұнда төмендеу 2,3-тен 2,7 пайызға дейін жеткен. Бұл үш қалада барлығы 57,7 мың адам тұрады.

Халық санының салыстырмалы түрде ең жоғары өсімі Астанадан 20 шақырым жердегі Қосшы қаласында тіркелген. Бір жыл ішінде мұндағы халық саны 8,3 пайызға өсіп, 61,5 мың адамға жетті. Еске сала кетейік, Қосшы қаласы мәртебесін 2021 жылғы шілдеде алған болатын.

Екінші орында – Астана. Мұнда өсім 6,9 пайыз болды. 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша елордада 1,55 миллион адам тұрады. Үшінші орында – Түркістан, мұндағы халық саны 4,4 пайызға өсіп, 240,3 мың адамға жетті.

Алматы халқының өсуі – 2,7 пайыз деңгейінде. Қазір мегаполисте 2,3 миллион адам тұрады. Осындай өсу қарқыны Шымкентте де байқалады – мұндағы халық саны 1,26 миллион адамға жетті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Еліміздегі қалаларда халық саны азайып жатыр
  • Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейде қамауға алынды
  • Шарм-эш-Шейх әуежайындағы трагедияға қатысты соңғы деректер мәлім болды
  • Шерзат Полат ісі: Сот блогерлерге ескерту жасады
  • Қыз алып қашқандардың жазасы қандай? ІІМ жауап берді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер